Петропавлда ерлік жасаған полицейлер оқушыларды Білім күнімен құттықтады
1 қыркүйек күні Петропавлдағы № 23 мектептің бітіруші сынып оқушыларына ерекше қонақтар келді: полиция ардагерлері және мемлекеттік наградалармен марапатталған жұмыс істейтін қызметкерлер. Олар оқу жылының соңында болашақ мамандықты таңдауға тура келетін балаларға өз жұмыстары туралы айтып берді.
Бүгінгі таңда Петропавл қаласының полиция басқармасында ІІ дәрежелі "Айбын" орденін алған бір қызметкер және "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған сегіз қызметкер қызмет атқарады. Бүгін оқушылар су тасқыны кезінде адамдарды эвакуациялау кезінде жанқиярлық танытқан жедел уәкіл Біржан Бәкіровпен әңгімелесе алды.
Петропавл қ. ПБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Аманжолов, ішкі істер органдарының ардагері Галина Савенкова жастарға полиция қызметкерлерінің күнделікті өмірі және ерліктері туралы айтып берді.
Тәртіп сақшылары полицияда әрқашан білімді, дене бітімі дамыған адамдар, адамдарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға дайын шынайы патриоттар талап етілетінін еске салды. Оқушылар Алматы, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе қалаларында ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсудің артықшылықтары туралы білді, олар жедел және тергеу жұмыстарынан бастап әкімшілік блок қызметкерлеріне дейін барлық бейіндегі полицейлерді дайындайды.
Сондай-ақ, оқушыларға полицияға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша Петропавл қ. ПБ № 217 кабинетінде М. Жұмабаев көшесі, 118 мекен-жайы бойынша немесе +7 707 593 5648, 8-7152-49-32-17, 8-7152-50-12-52 телефоны бойынша толық кеңес алуға болатынын хабарлады.
Игорь Мерцалов
[xfvalue_img]