СҚО-да 60-тан астам полиция қызметкері ҚР Конституциясы күніне орай көтермеленді
ҚР Конституциясы күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде салтанатты жиналыс өтті. ПД бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов жеке құрамға Ішкі істер министрінің құттықтау хатын оқыды.
"Конституцияда жарияланған құндылықтарды сақтаумен қатар, Ішкі істер органдарының басымдықтары азаматтардың сенімінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, қоғаммен сындарлы өзара іс — қимыл жасау болып табылады",-деп атап өтті полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов тәртіп сақшыларына құттықтау сөзінде.
Мемлекеттік мереке құрметіне СҚО ПД 60-тан астам қызметкері көтермеленді. Атап айтқанда, үшеуі "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Олардың қатарында Айыртау ауданы ПБ учаскелік инспекторы полиция капитаны Абылайхан Рамазанов бар. Ол қызмет көрсететін аумақта Қарасай ауылы орналасқан, бұл ауылда соңғы жылдары тұрғындардың ішімдік ішуден бас тартуы салдарынан отбасылық-тұрмыстық қылмыстар тіркелмеген. Абылайхан 7 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Тағы екі қызметкерге "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі табысталды. ҚР ІІМ министрінің грамоталары мен алғыс хаттарын төрт полиция қызметкері алды, тағы төртеуіне алғыс жарияланды.
Сондай — ақ, бірқатар жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлар, әкімшілік полицейлер, тергеушілер мен анықтаушылар, басқа бөлімшелердің қызметкерлері-СҚО ПД бастығының құқықтарымен көтермеленді.
Мерекелік күнді қызметкерлер қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, кезекшілікте қарсы алатын болады.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі
[xfvalue_img]