СҚО-да полицейлер «Жолда қабылдау» акциясы аясында 56 өтініш қабылдады
Автожолдарды күтіп ұстау, жол белгілерін орнату - Солтүстік Қазақстан тұрғындары полицейлерге қойған негізгі сұрақтардың бірі.
Екі күн бойы тамыздың 16 және 17 аралығында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының, Петропавл қаласы полиция басқармасы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы қызметкерлері азаматтардың сұрақтарына жауап беру үшін Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінің тікелей эфиріне шығып, «қауырт желіде» жұмыс істеді.
"Барлығы 56 өтініш келіп түсті, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығы полиция полковнигі Серік Әлжанов. - Іс-шараның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, айыппұл төлеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі нұсқаулығына сәйкес, акция тұрақты түрде өткізіледі".
Игорь Мерцалов
СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі
[xfvalue_img]