ӨСКЕМЕНДЕ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы ұйымдастырылды.
Шараға әкімшілік полиция қызметі, жергілікті полиция қызметі және көші-қон қызметі мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты.
Акция барысында қала тұрғындарына жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жеке куәлік алу, төлқұжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша құқықтық кеңестер берілді.
[xfvalue_img]