Ақмола облысында 19 жас маман конкурстан тыс негізде мемлекеттік қызметке қабылданды

Ақмола облысында 19 жас маман конкурстан тыс негізде мемлекеттік қызметке қабылданды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетуге бағытталған заңнамалық нормаларға сәйкес бірқатар тағайындауларға келісім берілді.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуды жақсы нәтижемен бітірген тұлғалар диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде конкурстан тыс тәртіпте «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Бұл норма білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, аудандық және ауылдық деңгейдегі кадрлар тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған.

Бүгінгі таңда Департаментпен Қосшы қаласының, Шортанды, Бұланды, Атбасар, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Егіндікөл, Есіл, Целиноград, Зеренді, Ерейментау аудандарының мемлекеттік органдарында төмен тұрған лауазымдарға жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін 19 жас маманды конкурстан тыс тағайындауға келісім берілді.

Олардың қатарында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Семей қаласы Ш. Құдайбердиев атындағы университеттің, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің түлектері бар. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында Департамент еліміздің жоғары оқу орындарымен өзара іс қимыл жасайды.

Сонымен қатар Департаментпен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерін Есіл ауданы мен Көкшетау қаласындағы жоғары лауазымдарға конкурстан тыс тағайындау үшін келісім берілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округтердің әкімдері өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде уәкілетті органмен келісім бойынша конкурс өткізбей «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Осылайша Департаментпен үш әкімді Атбасар және Біржан сал аудандарының әртүрлі лауазымдарына тағайындауға келісім берілді.

Жоғарыда аталған нормалар мемлекеттік қызметтегі жастар үлесінің артуына, мемлекеттік аппаратты аудандық, ауылдық деңгейлерде кәсіби кадрлармен уақтылы толықтыруға оң әсер ететінін атап өткен жөн.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.