«Aitas meat distribution» ЖШС одан сатып алынған мұздатылған өнімді қайта сатуды шектеді

«Aitas meat distribution» ЖШС одан сатып алынған мұздатылған өнімді қайта сатуды шектеді

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2023 жылғы кезеңде өз өңірінің шекарасында құс етін (тауық етін) көтерме саудада өткізудің тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.

2023 жылы тауық етін көтерме саудада сату бойынша көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мыналар белгіленді «Aitas meat distribution» ЖШС (бұдан әрі - ЖШС) Шығыс Қазақстан облысының аумағында 84,28% үлесімен тауық етін көтерме саудада өткізу нарығында үстем орын алады.

ЖШС-мен сатып алушылармен жасалған мұздатылған өнімді (тауық етін) жеткізу шарттарын зерделеу нәтижелері бойынша одан сатып алынған өнімді аумақтық принцип бойынша қайта сатуға шектеу қойылғандығы анықталды.

Департамент ЖШС аталған іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 3) тармағында көзделген аумақтық белгілері бойынша одан сатып алынған тауарларды қайта сатуға шектеулер белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бар деген тұжырымға келді.

Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес нарық субъектісінің атына 2024 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама шығарылды.

Бүгінгі күні хабарландыру, қолданыстағы шарттарға тиісті өзгерістер енгізу жолымен орындалды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.