ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘУЕЖАЙЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ХАБАРЛАМАСЫН ОРЫНДАДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) коммерциялық мақсатта аэровокзал алаңын (орнын) жалға беру бойынша көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Департамент «Өскемен әуежайы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Әуежай) монополиялық жағдайын белгіледі. Талдау барысында зерттелген жалға алушылармен жасалған шарттар, жалға алу шарттарының талаптары әртүрлі бағаларды және оған объективті түрде ақталмаған себептерсіз нарық субъектілерімен тең мәнді келісімдерге әртүрлі талаптарды қамтитынын көрсетті.
Департамент Әуежайдың іс-қимылында тиісті тауар нарығына қол жеткізуді шектеуге әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыратын, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2-тармағында көзделген тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына нұқсан келтіретін белгілерді қарастырады.
Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес нарық субъектісінің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама шығарылды.
Бүгінгі таңда хабарлама орындалды.
[xfvalue_img]