Әлеуметтік төлемдерді уақытылы төлеу
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеуден басқа, жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар өз қызметкерлері үшін де, өздері үшін де әлеуметтік төлемдер төлеуге міндетті екенін хабарлайды.
Әлеуметтік төлемдерге мыналар жатады:
- 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
- жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);
- 3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар (3% МӘМС аударымдары және 2% МӘМС жарналары).
Әлеуметтік төлемдер ай сайын табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірілмей төленуі керек.
Өсімпұл салуды, шоттарды бұғаттауды және басқа шектеулер қоюды болдырмау үшін әлеуметтік төлемдерді уақытында төлеуді ұсынамыз.
[xfvalue_img]