Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға  аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімдері жөнінде

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімдері жөнінде

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі – МӘМС) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімдері жөніндегі норманы түсіндіруге қатысты хабарлайды.

Төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу, ұстап қалу және аудару тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығымен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде регламенттелген.

Қағидалардың 27-тармағына сәйкес есептелген (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды:

1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасынаай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;

3) патенттің негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – патент құнын төлеу үшін Салық кодексінің 685-тармағында көзделген мерзімде аударады.

Осылайша, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қызметкерлер үшін есептелген (ұсталған) аударымдарды және (немесе) жарналарды табыс төленген айдан кейінгі айдың 25 – інен кешіктірілмей аударады, яғни егер маусым айындағы кірістер шілде айында төленген болса, МӘМС жарналары мен аударымдары 25 тамызға дейін, егер маусым айындағы кірістер маусым айының соңында төленген болса, онда 25 шілдеге дейін, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз пайдасына маусым айында алынған кірістер үшін МӘМС жарналары мен аударымдарын 25 шілдеге дейін аударады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.