СҚО полицейлері жыл басынан қызметтік қаруды сақтауға құқығы бар субъектілерден 16 бұзушылық анықтады
Әкімшілік полиция қызметкерелері қару ұрлығына, жазатайым оқиғаларға жол бермеуге бағытталған тексерістерді ұдайы негізде жүргізіп тұрады. Ерекше назарда – жеке меншік күзет құрылымдары.
Заңды тұлғаларды тексеру тәртібіне қатысты заңнамаға өзгертулер енгізілмек, заң өз күшіне 8 маусымнан бастап енеді. Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі бөлімнің қызметкерлері күзет қызметі объектілерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
«Өзгерістерде жазалау принципінен профилактикаға көшіру қарастырылған: енді анықталған кемшіліктер бойынша оларды жоюға уақыт беріледі. Талаптарды орындамаған жағдайда ғана әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды СҚО ПД ӘПБ бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. – Жалпы, бүгінгі күні облыста қызметтік қаруды қауіпсіз сақтау үшін жағдай жасалған. Күзет фирмаларында белгіленген стандарттарға сай жабдықталған қару бөлмелері немесе қаруларды орталықтандырылған сақтау пункттері бар».
СҚО полицейлері жыл басынан қызметтік қаруды сақтаудың, сондай-ақ тіркеудің және қайта тіркеудің 16 бұзушылығын анықтады.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]