СҚО полицейлері Петропавл қаласында қаруды уақытша сақтау орталықтарының ашылғандығын хабарлайды
Петропавлда азаматтық және қызметтік қаруларды уақытша сақтаудың екі орталығы ашылды. Полицейлер аңшылардың шартқа отырып, қаруларын кәсіби мамандардың күзетіне уақытша сақтауға тапсыруларына болатындығын айтады. Шарттың талаптары бойынша иесі кез келген уақытта қаруын, оқ-дәрілерін заңды пайдалануға алуына болады және сақтауға қайта тапсыра алады.
«Қаруға иелік ету үлкен жауапкершілік, сондықтан заңнама талаптарымен қаруды тек сейфте сақтау қарастырылған, қала тұрғындары дабыл орнатуы тиіс, - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. – Полиция қызметкерлері қарудың белгіленген ережелерге сәйкес сақталуына көз жеткізу үшін қару иелерін тұрғылықты жерлері бойынша тексеріп тұрады. Қарудың орталықтандырылған түрде сақталуы иелерін көптеген келеңсіз жайттардан сақтандырады, қарудың ұрлануына, криминалдық ортаға түсуіне жол бермейді.
Жыл басынан облыс полицейлері қару иелері тараптарынан жасалған түрлі 852 құқық бұзушылықты анықтады, оның 568-і қаруды сақтау ережелерін бұзумен байланысты. Тәртіп сақшылары заңнаманы қатаң сақтауға шақырады, сондай-ақ, азаматтық және қызметтік қару айналымымен байланысты мәселелер бойынша 8 (7152) 39-58-66 телефоны арқылы кеңес алуға болады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]