Халықаралық тау-кен металлургия «Astana Mining & Metallurgy» Конгресінің ашылу салтанаты

Халықаралық тау-кен металлургия «Astana Mining & Metallurgy» Конгресінің ашылу салтанаты

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бүгін өнеркәсіптік автоматтандыру, экологиялық және әлеуметтік жобалар көрмесіне қатысып, 14-ші Халықаралық тау-кен металлургия «Astana Mining & Metallurgy» Конгресінің ашылу салтанатында сөз сөйледі.

2024 жылдың тақырыбы – «Металдар дәуірі – сын-тегеуріндер мен шешімдер». 350 ш.м. астам аумақта экспозиция алаңында 12 мемлекеттің 41 компаниясының тауарлар мен қызметтердің кең спектрі ұсынылады, олар – Швейцария, Қытай, Қазақстан, АҚШ, Германия, Жапония, Франция, Түркия, Кипр, Польша, Ресей және Финляндия елдерінен. Көрме дебютанттары арасында – «AV Group», «Alef Trade», «Geobrugg», «Derrick Corporation», «Labvea», «Magotteaux S. A.», «Netcad Yazilim A. Ş.», Satbayev University және т.б.

Экспозицияда инновациялық технологиялар мен жабдықтар, тау-кен металлургиясы саласына арналған химиялық өнімдер, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік шешімдері, геологиялық зерттеулер, инжинирингтік қызметтер және инновациялық әзірлемелер.

Екі күндік бағдарлама тау-кен металлургия өнеркәсібін дамытудағы және технологиялық шешімдерді пайдаланудағы негізгі тақырыптарды қарастырады. Конгресске 20 елден 1280 делегат қатысады.

Бағдарлама саладағы негізгі сын- тегеуріндер мен шешімдер бойынша пленарлық отырыс, сондай-ақ тау-кен металлургия саласын цифрландыру бойынша техникалық сессиялар және тау-кен саласындағы нормативтік құқықтық актілер тақырыптары бойынша стратегиялық сессиялар бар.

«Қазақстан маңызды шикізатты өндірудегі құзыреттілігімен жаһандық жеткізу тізбегінде тұрақты жеткізуші ретінде берік орнықты. Мәселен, әлемдегі бериллий, скандий, осмий өндіретін үш зауыттың бірі және төрт толық циклді тантал өндірісі Қазақстанда орналасқан», – деді Министр.

Сондай-ақ Қанат Шарлапаев еліміздегі аэроғарыш өнеркәсібінің 21%-ын құрайтын титан, әлемдік сұраныстың 43%-ын қамтамасыз ететін уран, сондай-ақ мыс, алюминий, мырыш, қорғасын өндірісін атап өтті. Министр осының арқасында біз болашақта тау-кен өнеркәсібінің дамитынына сенімді екенімізді айтты.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс

министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.