Көлік министрлігінің өкілдері Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы шекара заставаларының құрылыс барысын тексерді
Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы шекара заставаларының құрылыс барысын тексеріп қайтты
Көлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыру және шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында комитет төрағасының орынбасары мамандармен бірлесе отырып еліміздің екі өңіріндегі шекара заставаларының құрылысымен жіті танысты. Тексеру құрылыс жұмыстарының жоғары сапа стандарттарына сәйкестігін және белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Өз кезегінде Ғ.Өтенбаев аталған объектілердің өңірлік инфрақұрылымды нығайту мен дамытудағы маңыздылығын атап өтті.
«Бұл нысандар қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында шешуші рөл атқарады және көлік инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етеді. Көлік министрлігі жүргізіліп жатқан жұмыстарға баса назар аударып отыр. Өйткені құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімнің ішінде аяқтау қажет», – деді Ғалымжан Өтенбаев.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға, техникалық қадағалау мен жоба авторларына құрылыс нормаларын сақтауға және өндірістік жұмыстар кестесін ұстану бойынша тиісті нұсқаулықтар берілді.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]