Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде «Азия Даму Банкімен» кәріз-тазарту құрылыстары мәселелері бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде вице-министр Қуандық Қажкенов Азия Даму банкінің өкілдерінің қатысуымен кәріз тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңеске ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ төрағасы Әділхан Өмірбаев, «Азия Даму банкі» директоры Цзинмин Хуан, ҚР-дағы АДБ өкілдігі басшысының м.а. Мирзо Искандар Ғуламов, сондай-ақ АДБ салалық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Кеңес аясында қатысушылар КТҚ жобаларын одан әрі іске асыру барысын талқылады.
Бүгінгі таңда Азия Даму Банкінің қарызы есебінен 4 қала – Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Степногорск бойынша КТҚ жобаларын іске асыру басталды. Олардың көпшілігі бойынша жұмыс жобалары дайын және жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленген.
Вице-министр атап өткендей, республика қалаларындағы негізгі экологиялық проблема 1960-90 жылдары салынған кәріз тазарту құрылыстары кешенінің (КТҚ) жоғары тозуымен байланысты.
«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі кәріздік тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту, оның ішінде құрылыс және реконструкциялау жобаларын қаржыландыру мәселелерін шешу бойынша кешенді тәсілдерді пысықтауда. Осыған байланысты, Банктің коммуналдық инфрақұрылымды дамытудағы тәжірибесін назарға ала отырып, Министрлік Азия Даму Банкімен одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын», – деді Қ. Қажкенов.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]