Қазақстан мен Франция сумен жабдықтау жүйелері мен кәріз тазарту құрылыстарын жаңғырту саласындағы ынтымақтастық туралы келісті
Қазақстан делегациясы Францияның Лион қаласында өткен Еуропадағы «Pollutec» экологиялық және энергетикалық инновациялық технологиялардың халықаралық көрмесіне қатысты. Делегация құрамына ҚР Өнеркәсіп және Құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы, «ТКШ ҚазОрталығының» төрағасы Әділхан Өмірбаев, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің, Delivery UNIT жобалық кеңсесінің өкілдері кірді.
Pollutec көрмесінің бағдарламасына қоршаған ортаны қорғаудың барлық аспектілері, соның ішінде табиғи ресурстарды қорғау және адамның экологиялық қауіпсіз қызметі кірді. Көрме аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, ауаның ластануы, газ және түтін шығарындыларын өңдеу, индустриялық, табиғи, геотехникалық тәуекелдер және тағы басқа мәселелер талқыланып, көптеген конференциялар мен іскерлік кездесулер өтті.
Қазақстандық делегация «Су ресурстарының қорларын сақтау», «Су ресурстарын қорғау үшін цифрлық технологияларды пайдалану», «Ертеңгі күннің сарқынды суларын тазарту жүйесін құру – Лион қалалық округінің стратегиясы» тақырыбындағы бірнеше конференцияға қатысты.
Сонымен қатар, делегаттар «Aquapole» тұнбасын метанизациялау қондырғысын қамтитын Ағынды суларды тазарту орталығына барып, Гренобль қаласындағы француз кәріз тазарту құрылыстарының технологияларымен танысты.
Aquapole қалалық ағынды суларды тазарту станциясы - бұл GRDF басқаратын биометанды газ желісіне айдайтын 1-ші қалалық ағынды суларды тазарту станциясы. 2016 жылғы сәуір айынан бастап пайдалануға берілген метанизация қондырғысы орташа есеппен 225 нм3/сағ биометан шығарады, бұл шамамен 3000 тұрғын үй немесе 80 автобустың жылдық газ тұтынуына сәйкес келеді. Осылайша, Гренобль агломерациясындағы автобустардың 1/3 бөлігі биоотынмен жұмыс істейді.
Төрағаның орынбасары Ә. Пазылбекұлы француз тарапына алғысын білдіріп, сондай-ақ Қазақстанның ағынды суларын тазартудың қалалық жүйелерін дамыту мақсатында кәріз тазарту жүйелерін дамыту жөніндегі француз әріптестерімен одан әрі ынтымақтастық құруға ниетті екенін, яғни оларды климаттың өзгеруіне және табиғи ресурстарға жүктемеге бейімделу құралына айналдыру мақсатында тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі нің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
26 пікір