Солтүстікқазақстандық полиция қатарындағы әзірбайжан ұлтының өкілі қызметі туралы айтты
Солтүстік Қазақстан облысы көпұлтты өңір. Мұнда отбасыларымен бірге ондаған ұлт тұрып жатыр. Олардың арасында полиция қатарында қызметте жүргендер де бар.
Солардың бірі – СҚО ПД патрульдік полиция батальонында қызмет атқарып жүрген әзірбайжан Асиман Мирзоев. «Ұжымдағы жігіттердің арасында бірнеше ұлттың өкілдері бар. Олар да мен секілді полиция офицерлері. Барлығымыздың міндетіміз – жол үстіндегі кез келген жағдайға дайын болып, азаматтарға уақтылы көмек көрсету», - дейді полиция инспекторы.
Асиман ішкі істер органдарына 2014 жылы келген. Сол уақыттан бері бірнеше адамды құтқарып, көптеген оқиғалардың алдын алуға көмектесіпті. Жергілікті тұрғындармен бірге өртті ауыздықтауға қатысқан, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жандарды жылдам жеткізуге көмектескен.
«Біздің қызмет табандылықты, шыдамдылықты, жұмысты мінсіз атқаруды талап етеді, - дейді полиция капитаны Мирзоев. – Қызметтегі қиындықтарды көзбен көріп, бастан өткерген соң ғана осы мамандықтың маңызын, достық пен бірлік – біздің көпұлтты қоғамның басты құндылықтары екенін түсіне бастайсың. Қазақстан халқының бірлігі күні барлық отандастарыма ашық аспан, береке-бірлік, татулық тілеймін».
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]