СҚО-да ауыл тұрғындары тасқынмен күрескен учаскелік полицейге, ТЖ, әкімдік қызметкерлеріне, жерлестеріне алғыстарын айтты
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Летовочное ауылында тұратын Ласкажевскийлер отбасы су тасқыны кезінде көмек көрсеткен әкімдік өкілдеріне, жерлестеріне және шұғыл қызметтердің қызметкерлеріне, учаскелік инспектор Мэлс Мұхаметғалиевқа шын жүректен алғыстарын білдірді.
Қарғын су ауыл ішіне кіріп кеткен екен. Он күн бойы барлық мүдделі қызметтер тұрғындармен бірге жан-жақтан келе бастаған сумен күрескен. Летовочное ауылдық округінің әкімі Владимир Куровский бастаған бастамашыл топ ауыл ішін аралауды тоқтатпай, жағдайды бақылап отырған. Жиналған суды сорып, басқа жаққа бұрып жіберу үшін, құм салынған қаптардан бөгет құрғызу үшін су басу қаупі туындаған учаскелерге дереу қажетті құрал-жабдықтары бар адамдар жіберілді.
Қатарынан үш күн бойы 3 және 5 сәуір күндері Ласкажевскийлердің үйін айнала қоршаған сумен күресуге тура келген. «Біздің ауылдық округтің әкімі Куровский Владимир Николаевичке, жүргізуші Степан Кендусқа, механизатор Александр Тыщенкоға, учаскелік инспектор Мэлс Мұхаметғалиевке, Келлеровка ауылынан келген ТЖМ бригадасына және су басқан уақытта көмектескен барлық азаматтарға зор алғысымызды айтамыз», - дейді ауыл тұрғындары.
Осылайша Летовочное ауылында 8 үй маңайындағы қора-қопсысымен бірге құтқарылды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Нұрлыжан Ақтановтың айтуынша, ауданда су кетіп, жағдай тұрақталып келеді. Қоғамдық тәртіптің бұзылуы тіркелмеді.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]