Су басқан өңірлерден малды көшіру, ауыл шаруашылығы жануарларының өлуі және су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауының алдын алу туралы ақпарат
Су басу өңірлерінде қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 60,0 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз учаскелерге көшірілді. Оның ішінде: Ақмола облысы – 18,8 мың бас, Қостанай облысы – 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында – 10 мың бастан көп, БҚО – 4,5 мың бас, Қарағанды облысы – 1,5 мың бас.
Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан мал өлімі орын алды, жедел деректер бойынша республиканың жеті өңірінде саны 5 711 басты құрады, оның ішінде ІҚМ – 1 137, ұсақ мал – 4 051, жылқы – 457 және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары.
Алғашқы күндерден бастап, су басқан аумақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Министрліктің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп шығын болған жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар бар.
Бүгінгі таңда 1013 бас, соның ішінде ІҚМ -133, ҰМ – 809 және жылқы – 64 өртеліп жойылды.
Ауыл шаруашылығы министрі, жетекшілік ететін вице-министр және Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы су басқан аумақтарға барды. Ал қазіргі уақытта АШМ құрылымдық бөлімшелері ауыл шаруашылығы бағытында жұмысты үйлестіру үшін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жүр.
Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеуге қатысты: сәйкес алгоритм әзірленді, халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізіледі.
Жалпы, су тасқынының салдарын болдырмау және жою мәселелері, сондай-ақ эпизоотиялық жағдай Министрліктің тұрақты бақылауында.
[xfvalue_img]