Жыл басынан СҚО-да айып тұрақтарына 4 мыңнан астам ауыл шаруашылық жануарлары орналастырылды
Полицейлер облыс тұрғындарына мал жаю қағидаларының бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салады. «Еркін жайылымдағы жануарлар, қараусыз қалған мал жол-көлік оқиғасына себепші болуы, жеке аулалардағы егістіктер мен өсімдіктерді, мүлікті бұзуы, тіпті қаскөйлердің олжасына айналуы мүмкін. Мұндай фактілерді болдырмау үшін иелері барлық қажетті шараларды қабылдауы керек. Естеріңізге сала кетейік, жануарлардың еркін жайылып жүргені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу» бойынша жауапкершілік қарастырылған», – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін өз малдарына жауапкершілікке қарауға, ал көлік құралдарының жүргізушілерін жолда қырағы болуға шақырамыз».
Жергілікті полиция қызметі басқармасының хабарлауынша, адамдардың сүйемелдеуінсіз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады.
Облыс аумағында 230 айып тұрақтары жұмыс істейді. Жыл басынан бері оларға 4719 бас ауыл шаруашылығы жануарлары орналастырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 1399 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жануарлардың қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы болды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
22 пікір