Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2023 жылғы 12 қыркүйекте «ШҚО Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы монополияға қарсы органға дәйексіз ақпарат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған факті бойынша Департамент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 162-бабы бойынша және Бөлім басшысының кінәсін мойындауын ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, ӘҚБтК-нің 811-бабының 1-бөлігіне сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік жаза қолданылды әкімшілік айыппұл сомасы 172 500 теңге.
Қазіргі уақытта бөлім басшысы әкімшілік айыппұлды толық көлемде төледі.
[xfvalue_img]