АШМ АӨК субъектілеріне несие беру және лизинг беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізеді
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізіледі.
Ережеге енгізілген өзгерістер агроөнеркәсіптік кешенін қолдау саласындағы саясаттың мемлекеттің индустриялық саясатымен өзара байланысын қамтамасыз ету міндеттерін іске асыруға қызмет ететінін атап өткен жөн.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникасын одан әрі дамыту үшін импорттық және отандық ауыл шаруашылығы техникасы бойынша несиелер мен лизинг бойынша субсидияланатын пайыздық мөлшерлеменің мөлшері сараланады. Яғни, импорттық техниканың кредиті мен лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемені қарыз алушы агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің номиналды сыйақы мөлшерлемесін жылдық 15% мөлшерінде төлеу деңгейіне дейін субсидиялау ұсынылады.
Барлық өзгерістер мен толықтырулар толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14997800.
[xfvalue_img]