Академия азаптауға қарсы тұрудың жаңа тәсілдерін ұсынды
Құқық қорғау органдары академиясы полиция қызметкерлеріне «Азаптауға қарсы іс-қимыл: осы санаттағы қылмыстардың алдын алудың ұйымдастырушылық және кадрлық аспектілері» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды.
Кездесу Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің және оның аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өтті.
Академия ректоры Марат Сексембаев бүгінгі таңда елде агрессия көріністеріне бейім құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ерте анықтау жүйесі, сондай-ақ осындай қызметкерлерге қабылданатын шаралардың одан әрі алгоритмі жоқ екенін атап өтті.
Әскери-дәрігерлік сараптаманың міндеттеріне құқық қорғау қызметіне кандидаттар тарапынан агрессивті мінез-құлыққа бейімділікті анықтау кірмейді. Тиісті тест міндетті емес және тек психологтың қалауы бойынша жүргізіледі.
Сол сияқты бұл көрсеткіш азаптау қаупімен байланысты бір лауазымда ұзақ уақыт қызмет ететін жұмыс істеп жүрген қызметкерлерде де өлшенбейді.
Ұсынылған жүйені толыққанды енгізу үшін қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қажет.
Ең алдымен, «Азаптауды қолдану қаупі жоғары лауазым» ұғымын заңнамалық тұрғыдан анықтау қажет. Бұған функционалдық міндеттері бейбіт тұрғындарға қатысты белгілі бір билік өкілеттіктерінің болуын көздейтін лауазымдар, яғни тергеушілер, жедел уәкілдер, түзеу мекемелерінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және көрсетілген критерийге сәйкес келетін басқалар кіруі керек.
Осындай лауазымдарға қызметке кандидаттарды қабылдау кезінде, сондай-ақ осы тізбедегі жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге қатысты, оларды аттестаттау кезінде немесе олар азаптауды қолдану туралы шағымдар түскен жағдайда агрессияға бейімділігін анықтау тұрғысынан міндетті түрде психологиялық зерттеулер жүргізу көздеу қажет.
Қызметкерлердің осындай санатын уақтылы анықтау, оларды бейбіт тұрғындармен байланысы жоқ жұмыс орындарына ауыстыру және олармен психологиялық-түзету жұмыстарын жүргізу азаптауға жол бермейді.
Кездесу барысында Ішкі істер министрлігінің өкілдері азаптауға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, сондай-ақ Құқық қорғау органдары академиясы ұсынған тәсілдерді қолдап, заңнамалық түзетулер қабылданғаннан кейін оларды қолдануға дайын екендіктерін білдірді.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]