169 жас қызметкер прокуратура органдарының және экономикалық тергеу қызметінің қатарын толықтырады
Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында бастапқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларының кезекті шығарылымы өтті.
Прокуратура органдарына 110 кандидат және Қаржы мониторингі агенттігінің бөлімшелеріне 59 кандидат оқудан өтті.
Салтанатты жағдайда түлектерді Академия ректоры Марат Сексембаев, Бас прокуратураның және Қаржы мониторингі агенттігінің кадрларды даму бөлімшелерінің басшылары Мұрат Тілеубердиев және Нұрлан Адалиев, құқық қорғау органдарының ардагерлері құттықтады.
Академия ректоры жас түлектерді өз қызметін абыроймен атқаруға және адамдардың нақты тағдырлары мен өмірі олар қабылдаған шешімдерге байланысты болатынын есте сақтауға шақырды.
Курсты аяқтағаны туралы сертификаттардан басқа жоғары қадағалау органының ерекше көзге түскен кандидаттары Бас Прокурордың грамоталарымен марапатталды. Экономикалық тергеу қызметінің болашақ қызметкерлеріне лейтенант алғашқы офицерлік погондары табысталды.
Жақын арада түлектер құқық қорғау органдарының кадрларына қабылданады және тиісті лауазымдарға тағайындалады.
Салтанатты іс-шараның аяғында түлектердің күшімен ұйымдастырылған мерекелік концерт қойылды.
Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кандидаттар үшін бастапқы кәсіптік даярлау институты Қазақстанда 2021 жылдың басынан бастап жұмыс істейді.
Осы уақыт ішінде жұмысқа кіріскен 545 жас қызметкер Академия қабырғасында дайындалды. Қазір 380-нен астам тыңдаушы білім алуда.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]