Ақтау әуежайында шамамен 116 мың АҚШ долларын заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылдың басынан бері Ақтау халықаралық әуежайында шетел валютасын контрабандалық жолмен әкетудің жеті әрекеті анықталғанын хабарлайды.
«Әуежай-Ақтау» кеден бекетінің қызметкерлері Грузия мен Иран Ислам Республикасы бағытындағы халықаралық авиарейстерді кедендік бақылау барысында Қазақстан Республикасының жеті азаматынан жалпы сомасы 115770 АҚШ долларын құрайтын жасырын ақша қаражатын анықтады. Бұл ретте кедендік ресімдеу барысында декларацияланбаған ақша қаражаты анықталғанға дейін азаматтар қолма-қол шетел валютасын декларациялау қажеттілігінің жоқтығы туралы ауызша мәлімдеген.
Осы фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексының 551-бабы, 3-бөлігі «Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн және жазбаша декларациялауға жататын ақша қаражатын және ақша құралдарын декларацияламауы не анық емес декларациялауы» бойынша әкімшілік істер жүргізілді және 10 АЕК сомасында айыппұл салынды. Декларацияланбаған долларлар иелеріне қайтарылды.
Кеден бекетінің басшысы Бақытжан Бердібеков атап өткендей – «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қолма-қол шетел валютасын және (немесе) ақша құралдарын шетел валютасында 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомада әкетуге тыйым салынған. Жоғарыда көрсетілген норманы бұзғаны үшін сомаға байланысты әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген».
[xfvalue_img]