Ақтөбелік сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер 52 азаматқа құқықтық көмек көрсетті
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында еріктілер еңбек және отбасылық даулар, тұрмыстық және мүліктік мәселелер, сондай-ақ банк құқығы бойынша 52 адамға кеңес берді. Волонтерлер қатарында тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, медиаторлар бар.
Мәселен, көп балалы ана қиын жағдайда қалып, банктік қарызды төлеу кестесінен ауытқып кету салдарынан - жалғыз тұрғын үйінен шығарылу қаупінде болған. Оған ерікті, Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының мүшесі - Роза Данилованың заңгерлік кеңесі берілді. Нәтижесінде мәселе екінші деңгейдегі банкпен медиативтік келісімге келу арқылы шешіліп, тұрғын үйден шығарылуға жол берілмеді.
Сондай-ақ, көршісімен дау-дамай бойынша өтінішпен жүгінген азаматтың мүдделерін адвокат әкімшілік сотта тегін қорғады.
Қазіргі уақытта еріктілер қоғамдық көлікте көпшілік алдында жала жабылған студенттің ар-намысы мен қадір-қасиетін қалпына келтіруге тегін көмектесуде.
«Біз бұл жоба азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғап қана қоймай, еріктілердің құқықтық қолдауының нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі деп шын жүректен үміттенеміз», - деді ерікті Роза Данилова.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер апта сайын азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетеді. Жоба аясында әр бейсенбі сайын сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Маресьев көшесі, 93 мекенжайы бойынша «Аntıkor ortalyǵy» сервис орталығына жүгінуге болады.
[xfvalue_img]