ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан жобалаушыларының құрылыс саласындағы жаңа тәсілдер жөніндегі ұсыныстарын қолдайды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан жобалаушыларының құрылыс саласындағы жаңа тәсілдер жөніндегі ұсыныстарын қолдайды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин Қазақстан жобалаушыларының республикалық одағының ұжымдық үндеуіне жауап берді.

Вице-министр атап өткендей, кейбір депутаттардың құрылыс кодексінің жобасына қатысты сынына қарамастан, жобалаушылар Парламент Мәжілісіне кірген редакцияны қолдайды.

Кәсіби қоғамдастық өз үндеуінде 3 бағыттағы ұсыныстарын жолдады:

Біріншіден, жоспарлау сәтінен бастап пайдалануға бергенге дейін жобаны кешенді іске асыру мүмкіндігімен объектіні бір білікті орындаушыға бере отырып, қолданыстағы тетікті қайта қарау.

Екішіден, техникалық-экономикалық негіздеме тәртібін екі сатылы жобалаудың «жоба» сатысына енгізу арқылы жобалау процесін жеңілдету.

Үшіншіден, техникалық және авторлық қадағалаудың инжинирингтік қызметтерін біріктіріп, жобалау ұйымының басшылығына беру.

«Уәкілетті орган бұл ұсыныстарды қолдайды. Сонымен қатар, бірінші және екінші ұсыныс бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Біз бұл ұсыныстарды түбегейлі, уақытылы және негізделген деп санаймыз», - деді Тимур Қарағойшин.

Жаңа тәсілдерді атап өтсе, Құрылыс істері жөніндегі комитет «техникалық тапсырыс беруші» қызметін енгізу бойынша түзетулер әзірледі, ол жоспарлау сәтінен бастап объектіні пайдалануға бергенге дейінгі жобаны іске асырудың барлық кезеңдерін қамтитын болады. Техникалық Тапсырыс берушінің негізі жобаны әзірлеушіге және инженерлік құрамға, оның ішінде жобаны басқарушыға жауапкершілікке баса назар аудара отырып, жобалық ұйым болып табылады. Бұл тәсіл құрылыс процесін оңтайландырады және кешенді дамуды жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, жобалау процесін оңтайландыру шеңберінде құрылыс объектілері бойынша техникалық-экономикалық негіздемені екі сатылы жобалаудың «жоба» сатысына интеграциялай отырып, жобалау алдындағы құжаттама құрамынан алып тастауды көздейтін түзетулер әзірленді.

Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейінгі мерзімдерді шамамен 1,5 жылға қысқартуға, процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ инвестициялық климатты жақсарту бойынша тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, вице-министр жобалаушылардың жобалау ұйымының басқаруымен авторлық және техникалық қадағалаудың инжинирингтік қызметтерін біріктіру бастамасын толық қолдайды.

«Біз бұл бастаманы бүгінгі күні бұл қызметтер бір-бірін қайталап қана қоймай, жауапкершілікті де бұлдырататындығына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық ортасын дамытудың катализаторы болып табылатындығына байланысты қолдаймыз», - деп атап өтті Тимур Қарағойшин.

Осы инжинирингтік қызметтерді жобалау ұйымының басқаруымен біріктіру жобаны құрылыс кезеңінде әзірлеген инженерлердің сапалы сүйемелдеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ жобаны дұрыс түсіндірмеу жағдайларын болдырмайды. Бұдан басқа, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын мердігерді таңдау бойынша конкурс өткізу мерзімдері қысқарады, бұл қызмет жоба авторының айрықша құқығы негізінде сатып алынатын болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.