ШҚО-ДА АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕЛУ ПАЙЫЗЫНАН АСТАМЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСІЛІ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТЕГІ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАҒА ҰЙҒАРЫМ ШЫҒАРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент (бұдан әрі -Департамент) өз қызметін жүзеге асыру барысында «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру мақсатында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында қаржылық лизинг қызметін жүзеге асыратыны анықтады.
Алайда, аталған қызмет түрін атқаруға бұрын соңды монополияға қарсы органнан келісім алмаған.
Бұзушылықты жою мақсатында, Департамент Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарын жою туралы нұсқама шығарды.
Қазіргі уақытта нұсқама орындалды.
[xfvalue_img]