ШҚО-да мемлекеттік органға ұйғарым шығарылды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан ауыл шаруашылығы саласында (ветеринария) қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға, мемлекеттік заңды тұлғаларға мониторинг жүргізді.
Департамент жүргізген жұмыс нәтижелері бойынша «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ өз бұйрығымен монополияға қарсы органмен келіспей, кәсіпкерлік кодекстің нормаларын бұза отырып, ветеринария саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлерін кеңейткенін анықтады.
Бұзушылықты жою мақсатында Департамент «ШҚО қаржы басқармасы» ММ-не Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату және олардың ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген салдарын жою туралы нұсқама шығарды және бұйрықтың күшін жою.
Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды.
[xfvalue_img]