2023 жылы Маңғыстау облысы арқылы 24 мыңнан астам жеңіл автокөлік импортталды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Теңіз порты" кеден бекеті 2023 жылдың 12 айында Қазақстан Республикасына Маңғыстау облысы арқылы "Ішкі тұтыну үшін шығару" кедендік рәсімі бойынша (ИМ 40 режимі) 24334 жеңіл автомобиль (СЭҚ ТН коды 8703) импортталғанын хабарлайды.
Оның ішінде "Теңіз порты" кеден бекетінде кедендік ресімдеуден 9407 авто, "Ақтау – Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінде - 14771 авто, "Құрық" кеден бекетінде - 156 жеңіл автомобиль өтті.
"Теңіз порты" кеден бекетінде Қазақстан Республикасында кедендік рәсімдеу электрондық түрде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылатының еске салды. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушысымен олардың цифрлік қолтанбасы арқылы тауарларға декларацияны өз бетінше кез келген жерден ұсыну және қол қою мүмкіндігі бар.
Әкелінетін автокөліктерді кедендік рәсімдеу ережелері өте қарапайым. Импорттаушы тауарларды кедендік декларациялау кезінде оның кедендік құның көлік құралын сатып алуға жұмсаған шығындарды, сондай-ақ оны Қазақстанға жеткізумен байланысты шығындар ретінде анықтауға міндетті (көлік шығындары, сақтандыру төлемдері және т.б).
Сондықтан көлік құралының кедендік тазарту кезінде кедендік құнын қабылдау үшін оның құны сенімді, санды түрде анықталған және құжатты түрде бекітілген ақпаратқа негізделуі керек.
Құжаттар ретінде: жөнелтуші елдің экспорттық декларациясы, шот-фактура, тауарды жеткізуге арналған көлік шығындары, сатып алушы мен сатушы арасындағы сатып алу-сату шарты, банктік аударым, аукциондық парақ және т.б. қолданыла алады.
[xfvalue_img]