«Құрық» кеден бекетінде тасымалдаушылармен көліктік бақылау мәселелері бойынша кездесу өтті
Құрық теңіз портында орналасқан "Құрық" кеден бекетінде тасымалдаушылармен «Көліктік бақылау және тауарларды халықаралық жол тасымалы рәсімі бойынша өткізу тәртібі» тақырыбында халықаралық оқыту семинары өтті.
Кездесуде көлік пен логистиканы тиісінше басқарудың бірінші кезектегі маңызы бар және мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауда шешуші рөл атқаратыны атап өтілді.
Бұл кездесу қатысушыларға Қазақстан Республикасында және ЕАЭО-да көліктік бақылауды жүзеге асыру және электрондық кезек жүйесінде көліктік бақылауды автоматтандыру кезінде нормативтік талаптарды қолдану және сақтау бойынша ақпарат алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Қазақстанда рұқсат беру жүйесіне қатысты мәселелер талқыланды.
Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
#mangystaumkd
[xfvalue_img]