ШҚО-да спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде
Облыстың спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерделеу және анықтау мақсатында ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдің Дене шынықтыру және спорт басқармасының 2020-2023 жылдардағы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Еңбекақы төлеу қоры;
- Спорттық жабдықтарды сатып алу;
- Оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарын ұйымдастыру;
- Спорт клубтары мен федерацияны қаржыландыру.
Көрсетілген мәселеге қатысты ақпарат, шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, analiz-vko@mail.ru электрондық мекенжайына немесе 8 775 778 80 99 WhatsApp нөміріне жолдай аласыздар.
Құрметті облыс тұрғындары, осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін әркімнің пікірі маңызды. Сондықтан, шетте қалмауды және азаматтық ұстаным танытуларыңызды сұраймыз.
[xfvalue_img]