Айдарбек Сапаров Абай облысында шаруалармен аграрлық саланың әлеуетін талқылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысына жұмыс сапары кезінде бірнеше кәсіпорында болып, өңірдің шаруаларымен кездесті.
Министр алдымен өңірдегі «Qazaq-astyq Group» ЖШС жұмысымен танысты. Бүгінде кәсіпорын тәулігіне 1 200 тонна күнбағыс тұқымын өңдейді. Қазір өндіріс орны дайын күнбағыс майын тазарту және құю цехын іске қосуға дайындалуда.
"Біз өңдеу саласын ынталандыру үшін дәнді дақылдарды шығаруға баж салығын енгіздік. Қайта өңдеуші ретінде сіз өндірушілер үшін әділ баға белгілейтініңізге сенімдімін. Біз ең алдымен, фермерлер мен қайта өңдеу кәсіпорындары арасындағы серіктестіктің өзара тиімді қарым-қатынасқа айналуына мүдделіміз. Екі тарап та мемлекеттік қолдауға ие болады", - Айдарбек Сапаров,
Өңірдегі табысты ынтымақтастықтың мысалы ретінде ауданы 7,5 мың шаршы метр болатын климаттық қоймалармен жабдықталған «JOLAMAN» көтерме-тарату орталығының жұмысын ұйымдастырылуда. Мұнда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өнімді бір алаңда сақтап, өткізе алады.
Аймақта өсімдік және мал шаруашылығымен қатар айналысатын кәсіпорындар бар. Солардың бірі – "Приречное" агрофирмасы" ЖШС. Агроқұрылым голландиялық технология бойынша картоп пен көкөніс өсіреді. Компания 1-1, 2, 3-репродукциялы картоп өндіретін тұқым шаруашылығы және етті бағыттағы қазақтың ақ бас тұқымын өсіретін ірі асыл тұқымды репродуктор мәртебесіне ие. Кәсіпорын қосымша көкөніс пен ет өңдеумен айналысады. Агрофирма цехы тез дайындалатын жармаларды өңдеуге мүмкіндік береді.
Еліміздің өзге өңірлері секілді Абай облысында жалпы қуаты 800 бас және 5,6 мың тоннадан астам сүт өндіретін екі сүт-тауар фермасы салынады. Жобалар АӨК саласындағы ірі жобаларды іске асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тираждау шеңберінде қаржыландырылады.
Шаруалармен кездесуде Айдарбек Сапаров облыстың аграрлық секторын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Өңірде майлы дақылдарды жинау аяқталуда. Дихандар жалпы ауданы 290,5 мың га егіс алқабынан 319 мың тонна астық бастырды. Биыл дәнді дақылдар 315 мың гектарға егіліп, гектарына 329,1 центнер өнімділігімен 10,5 мың тонна қамбаға құйылды. Абай облысының шаруалары 168,6 мың тонна картоп, 93 мың тонна көкөніс, 51,3 мың тонна бақша өнімдерін жинады.
"Биыл егін жинау науқанында ауа-райы қиындық келтірді. Осыған қарамастан, шаруалардың еңбегінің арқасында жалпы ауданы 17,1 млн га-дан 17 млн га дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Өнімділігі гектарына 9,8 центнерден 16,6 млн тонна бастырылды. Бұл өткен жылдың ауыспалы қалдықтарын есепке алғанда ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті ", - деп атап өтті министр.
Айдарбек Сапаров мемлекет агроөнеркәсіп кешенін барынша қолдайтынын жеткізді. Қолдаудың арқасында биыл Абай облысы 14,4 мың тонна жеңілдікті дизель отынын алды, оның ішінде 6,3 мың тонна жемшөп дайындауға бағытталған. Міндеттемелерді орындау мерзімін ұзартуға 579,9 млн теңгенің 23 өтінімі келіп түсті. Қазірдің өзінде 382,6 млн теңгеге 19 өтінім мақұлданды.
- «Абай облысының табиғаты мен климаты өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын табысты дамытуға мүмкіндік береді. Өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытуға үлкен әлеуеті бар, - деді Айдарбек Сапаров.
[xfvalue_img]