Учаскелік инспектор жолда қалған үш жүргізушіні үйіне әкелді
Жамбыл облысы Жуалы ауданының учаскелік полиция инспекторы аумақты патрульдеу барысында қатты аязда қозғалтқыштары iстен шыққан үш жүк көлігін байқайды.
Офицер жүк көліктеріне жақындаған кезде жүргізушілердің жаурап отырғанын көредi. Олардың дизельдік отындары таусылып қалған. Ал қатты аязда жақын маңдағы жанармай құю бекетіне жаяу бару мүмкін емес еді.
Полиция қызметкері бекетке барып, жанармай әкеліп қана қоймай, ер адамдарды үйіне жылыну үшін алып келiп, кешкі ас берген.
Жүргізушілер мүлдем таныс емес адамдарды үйлеріне жылы қарсы алып, көмекпен бiрге қамқорлық көрсеткен учаскелік инспектор мен оның отбасына ажалдан аман алып қалғаны үшін зор алғыстарын білдірді.
[xfvalue_img]