Тілді дамытудағы біздің бірер үлесіміз
Елімізде тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Біздің басты міндетіміз бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру. Тіл саясаты – ұлттық саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде толыққанды қызметін қамтамасыз ету - біздің әрқайсымыздың парымыз да, борышымыз болып келеді. Қазақ тілін жаңғырту, тіл мәдениет дамыту, тілді одан әрі дамыту жұмыстарын жандандыру қажеттілігі қазіргі уақыттың мәселесі екені анық. Осы бағытта мемлекеттік тілді дамыту мақсатында өткізіліп жатқан жұмыстар қатары аз емес.
Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) әзірленген мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті (бұдан әрі – Департамент) айтулы шаралар өткізуге өз үлестерін қосқанын атап кеткенді жөн көрдік.
Тіл үйрену үшін сол тілде жазып, оқып бастау баршамызға белгілі. Осы мақсатта тіл үйренушілердің ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру үшін Департаментте жыл сайын қызметкерлерге диктант жазу жұмысы жүргізіледі. Оның нәтиже сапасы жылдан жылға артып келеді. Қазақ тілінде оқу тілін жаттықтыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар аталған жоспарды орындауға байланысты, сондай-ақ Наурыз мерекесі қарсаңында Департамент басшылығының бастамасымен мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекеге Департаменттің қызметкерлері барлығы дерлік белсенді қатысып, әр ұлттың салт-дәстүрін дәріптеп, өз өнерлерін көрсетті, ұлттық дастархандар жайып, ән айтып, би биледі. Әр басқарма бойынша белгілі тапсырмалар беріліп, ұлттық ойындардан жарыстар өткізілді.
Мысалы: Кадр бөлімі, канцелярия, бухгалтерия қазақтың ұлттық салт-дәстүрінен тұсау кесу рәсімін көрсетті. Бухгалтерия қызметкері Мақпал Ахметованың 1 жасқа толған сәбиінің тұсауын Департамент басшысы Бауыржан Дәулетиярұлы Ұзынжас кесіп, балаға батасын берді, сыйлық сыйлады. Шашу шашылып, Юлия Рашидқызы Сейтбаталова рәсім көрсетілімін «Тәй-тәй» өлеңімен сүйемелдеді.
Ал Превенция басқармасының қызметкерлері орыс халқының салт-дәстүрін, сондай-ақ, «Репка» ертегісінен көрініс көрсетті.
Жедел басқарма қызметкерлері өзбек халқының тұрмысын көрсетті.
Тергеу басқармасы грузин халқының дәстүрін көрсетіп, дастарханға ұлттық тағамдарын тартты.
Арнайы басқарма кәріс елінің тұрмысынан үзінді көрсетті.
Сонымен қатар қазақтың ұлттық спорт ойындарынан басқармалар арасында да, жеке құрам арасында да жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар Департамент басшысының грамоталарымен марапатталды.
Қазанда палау басылып, мерекеге қатысушыларға ақ дастархан жайылды.
Осылайша Департамент қабырғасында атап өтілген наурыз мерекесі өте жоғары деңгейде өткізіліп, әр қызметкерге мерекелік, әрі есте қалар көңіл-күй сыйланды.
Агенттіктің нұсқауын орындау мақсатында, сондай-ақ 5-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдері күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнін атап өтуге байланысты, тілдің дамуына үлес қосып жүрген тілжанашырлары Қазақстан халқы ассамблеясы филиалының басшысы Наталья Сергеевна Рамазанованы және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай республикалық университеті Гуманитарлық - әлеуметтік факультетінің филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Мира Мұратқызы шақырылып, барлық жеке құрамның қатысуымен айтулы шара өткізілді.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Б.Д. Ұзынжас сөз сөйлеп, А.Байтұрсыновтың өміріне шолу жасады, мемлекеттік тіл мәселесін көтерді.
Қазақстан халқы ассамблеясы филиалының басшысы Н. С. Рамазанова қазақ тілінде өзінің тілге деген құрметін дәріптеп, барлық Қазақстандықтарды мемлекеттік тілде сөйлеуге шақырды, тілге деген отбасылық тәрбиені насихаттады.
Гуманитарлық - әлеуметтік факультетінің филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Мира Мұратқызы А.Байтұрсыновтың қазақ әліпбиінен бастап салған іргетасынан бастап, оның сіңірген еңбектерін тізді, алғашқы кітаптарымен таныстырып, бейнегалереялар көрсетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне байланысты, Департаментте мемлекеттік тілдің дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін Департаменттің 5 қызметкері грамотамен марапатталды (С.Ж. Қанапина, Г. Ф. Сәдуақасова, М. Т. Шериева, Нұрсұлтан Әмірғали, Ж. Е. Таласпаева).
Қазақстан халықтарының тілдері күніне байланысты ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте Департаменттің қызметкерлері арасында «Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін» акциясы өткізілгенін атап кетуге болады. Бұл күнді қызметкерлер аса ерекше әсермен өткізді деуге болады. Жұмыс барысында бір-бірімен мейлінше қазақ тілінде сөйлесуге тырысты, нақты айтқанда акцияға Департаменттің Превенция басқармасының қызметкерлері Нұрсұлтан Әмірғали, Қойшуақова Карина, Қыстаубаева Карина, Тергеу басқармасынан Садуақасова Гүлсім белсене ат салысты.
О. Нұрғалиева,
Қостанай облысы бойынша
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл департаментінің аударма
бойынша редакторы.
[xfvalue_img]