АШМ инвестициялық субсидиялау аясындағы тәсілдерді жандандырды

АШМ инвестициялық субсидиялау аясындағы тәсілдерді жандандырды

Мемлекет басшысының АӨК субсидиялаудың жаңа ұзақ мерзімді тәсілдерін әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында инвестициялық салымдарға жұмсаған шығыстардың бір бөлігін өтеудің субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістер фермерлердің өндірістерді және машина-трактор паркін жаңартуға қолжетімділігін едәуір арттырады. Олар сондай-ақ өсімдік шаруашылығына да, мал шаруашылығына да қажетті техника мен жабдықтардың негізгі тізбесі бойынша субсидияларды есептеуді барынша өзектендіруді көздейді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау мен сақтаудың заманауи жүйесін дамыту, қант саласын, жеміс-көкөніс шаруашылығы мен бастапқы тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі міндеттерді шешу үшін тиісті бағыттар бойынша өтеу үлесі 30-50%-ға дейін ұлғайтылды.

Бұдан бөлек Қағидалардың жаңа редакциясында суды үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту басымдықтары ескерілген.

Қабылданған өзгерістер фермерлердің субсидиялауға қолжетімділігін кеңейтеді, басым шағын салаларды дамытуға жаңа серпін береді және агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Еске салайық, инвестициялық субсидиялау бағдарламасын іске асырудың 9 жылы ішінде 2014-2022 жылдар аралығында 122 мыңға жуық инвестор субсидияланды. Төленген субсидиялар сомасы 617,8 млрд теңгені құрады, 2 501,6 млрд теңгеден астам жеке инвестициялар тартылды.

Субсидиялау ережесі жаңа редакцияда ҚР НҚА эталондық бақылау банкінің сайтында (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/189207/rus) жарияланған. Өзгерістер 2023 жылдың 10-желтоқсанында күшіне енеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.