Мемлекет қант қызылшасын өсіруге субсидияларды көбейтеді

Мемлекет қант қызылшасын өсіруге субсидияларды көбейтеді

Келесі жылдан бастап қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының тоннасының құнын субсидиялау нормасын 15-тен 25 мың теңгеге дейін ұлғаюының арқасында 40 мың теңгені құрайтын болады. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің Жетісу облысының қызылша өсіретін шаруашылық басшылары және дихандармен кездесуінде қант саласына мемлекеттік қолдауды күшейту туралы айтылды.

Атап айтқанда, шаруашылықтардың қант қызылшасын өсіруге жұмсаған шығындары жыл сайын өсіп отыратыны және биылғы жылы 1 гектарға жұмсалған шығындар 900 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жеткені атап өтілді.

Қызылша өсірушілердің мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау жөніндегі өтініштерін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялар нормаларын ұлғайтты. Осылайша шикізатты қабылдау құнын бұрынғы 30 мың теңгенің орнына 40 мың теңгеге жеткізді. Соның арқасында қант қызылшасының рентабельділігі жүгері, рапс және соя сияқты дақылдардың деңгейіне дейін теңестіріледі.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы вице-министрі мемлекет қызылша өсірушілерге қолдау көрсетуді жалғастыратынын, қант саласын дамыту жөніндегі жоспар әзірленгенін атап өтті.

Қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасын субсидиялауды ұлғайтуға келесі жылы шамамен 11,5 млрд теңге бюджет қаражатын бөлу жоспарланып отыр.  Сондай-ақ, бүгінде тұқым, гербицидтер, тыңайтқыштар құнының 50%, техника құнының 25% субсидияланады, бұл ретте субсидиялаудың жаңа қағидаларында техниканың рұқсат етілген ең жоғары құнының белгіленген лимиттерін өзектендіру жоспарланып отыр.

«Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша жұмыс шеңберінде қызылша жинайтын комбайндарды сатып алуға өтеу нормативін 50% дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Мемлекеттік қолдаудың жаңа ережелері 2023 жылдан бастап күшіне енеді деп күтіліп отыр», - деді Әбілқайыр Тамабек

Кездесуде шаруалар қант саласын дамыту перспективалары туралы өз пікірлерімен бөлісіп, түсімнің, яғни пайданың өсуіне тікелей ықпал ететін агротехнологияларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру аясында егіс алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.