ШҚО-да БҚҚР келісімінің жоқтығы үшін ұйғарым шығарылды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мәдениет және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға, мемлекеттік заңды тұлғаларға мониторинг жүргізді.
Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Департамент "Зайсан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мекенжайына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату және олардың Қ Р Кәсіпкерлік кодексінің көзделген салдарын жою туралы нұсқама шығарды.
Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды.
[xfvalue_img]