Петропавл қаласы Мәдениет үйінің директоры жемқорлық үшін сотталды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жемқорлық және кәсіпкердің заңды қызметіне кедергі жасау фактілерінің жолы кесілді.
Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Петропавл қалалық соты Мәдениет үйінің директорына, СҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маман-заңгеріне қатысты үкім шығарды.
Петропавл қаласы Мәдениет үйінің директоры А. Доспанбетова мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін бизнес өкілінен 450 мың теңге мөлшерінде пара алғаны және орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 7,5 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Доспанбетова 4 жылға бас бостандығынан айырылды, жазаны өтеу төрт кішкентай балаларының болуына байланысты 5 жылға кейінге қалдырылды.
ІМАД бас маман-заңгері Өмірзақов ұрлық және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]