Алматылық тұрғын анасына көмектескен тараздық полицейлерге алғысын білдірді
Жамбыл облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасына Алматы тұрғынынан алғыс хаты түсті.
Қыздың айтуынша 6 қарашадан 7 қарашаға қараған түні анасымен бірге Тараздан Алматыға бара жатқан жолда анасының жүрегі қысылып қалған.
Сол сәтте ол патрульдік көлікті байқап, көмек сұрайды. Полиция қызметкерлері оларды дереу ауруханаға жеткізуге комектесiп, ауыр жағдайдың алдын алу үшін жол бойында жедел жәрдем шақырады.
- Патрульдік инспекторлар Нұрғали Жалжанов пен Азат Әбдінасим анама қажетті алғашқы көмек көрсетті. Оны көтеріп, жедел жәрдем көлігіне апарды, содан кейін ауруханаға зембілмен алып келді. Полицейлердің жәрдемдесуiнiң арқасында анамның жағдайы тез қалыпқа келдi. Оларға көп рахмет, - деп алғысын бiлдiредi алматылық тұрғын.
[xfvalue_img]