Солтүстік Қазақстан облысында сібір жарасы көмінділері тізілімін цифрландыру ұсынылды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мал қорымдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің нәтижесінде сібір жарасы көмінділері тізілімін цифрландыруды ұсынды.
Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Джакипбеков аналитикалық жұмыс барысында сібір жарасы көмінділеріне басты назар аударылғанын атап өтті, өйткені үй жануарларына байланысты түрлі аурулардан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, ел халқын қорғау мәселесі өте өзекті болып табылады.
Департамент бірқатар проблемалық мәселелерді, оның ішінде заңнамадағы олқылықтарды, облыстық деңгейде уәкілетті бақылаушы мемлекеттік органның жоқтығын, сондай-ақ осы саланы қаржыландырудың жоқтығын анықтады.
Талқылау нәтижелері бойынша өңір аумағында сібір жарасының өршуіне жол бермеу мақсатында облыс әкімдігіне нақты мемлекеттік органға сібір жарасы көмінділерін күтіп-ұстау жөніндегі функцияларды бекіту, ветеринариялық талаптарға сәйкес олардың техникалық жай-күйін жақсарту үшін 2024 жылға арналған қаражат көздеу, сондай-ақ халықты ақпараттандыру және қоғамдық бақылауды күшейту үшін жер учаскелерін мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйеде «Сібір жарасы көмінділері картасы» жеке бөлімін құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
[xfvalue_img]