ҚР Көлік министрі теміржол вокзалдарын жөндеу мәселесі бойынша онлайн форматта кеңес өткізді

ҚР Көлік министрі теміржол вокзалдарын жөндеу мәселесі бойынша онлайн форматта кеңес өткізді

Қазақстанның барлық теміржол вокзалында жөндеу жұмыстарын 2024 жылдан бастап 2 кезеңге бөліп жүргізу жоспарланып отыр

Бұл туралы уәкілетті және мүдделі ұйымдармен өткен кеңес барысында ҚР Көлік министрлігінің басшысы мәлім етті.

«Өңірлерге жасаған жұмыс сапарларымның барысында теміржол вокзалдарының жай-күйіне ерекше назар аударған болатынмын. Елімізде жалпы саны 59 вокзал бар. Олардың басым бөлігі «Қазақстан темір жолының» балансында, ал Алматы-1, Алматы-2, Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Түркістан және Шымкент вокзалдары әкімдіктердің қарамағында. Бүгінгі таңда теміржол бекеттері ғимараттарының жай-күйі әртүрлі екенін көріп отырмыз», деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, 50 вокзалда санитарлық тораптарды, шатырды, баспалдақ алаңдарын, инженерлік жүйелерді, сондай-ақ жолаушылар платформаларын, жарықтандыру жүйелерін, ақпараттық табло-кестелерін, ана мен бала және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлмелерге арналған жиһаздарды орнату әрі ауыстыру талап етіледі.

«Күрделі жөндеу жұмыстарын екі кезеңге бөлу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, 2024-2025 және 2026-2027 жылдар аралығында. Сонымен қатар біз қажетті кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізуді де қарастырамыз. Ол үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, оларды жеделдетілген қарқынмен бекіту керек. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарды тұрақ аймақтарын қоса алғанда, вокзал маңы аумақтарын «ҚТЖ» ҰК» АҚ балансына беру туралы мәселені қарауды сұраймын», деді министр. 

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.