«500-ГЕ ЖУЫҚ БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІЛДІ»
Қостнай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен жергілікті Кәсіпкерлер палатасымен жыл басынан бері 484 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Бүгінде кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қорғау бойынша кешенді жұмыс жалғасуда. Кәсіпкерлермен кері байланыс жасау үшін апта сайынғы кездесулер, сондай-ақ жергілікті жерлерде проблемаларды шешу үшін өңірлерге шығу тәжірибесі енгізілген.
Түрлі мәселелр әсіресе аймақтар деңгейінде жиі туындайды. Мұнда бизнес субъектілері іргелес аумақтарды абаттандыру, ауыл шаруашылығын субсидиялау, сондай-ақ жер учаскелерін бөлу мәселелерімен кездеседі.
Мысалы, «Бизнеске жол» жобасы аясында Арқалық қаласынан келген кәсіпкер дүкенінің жақын аумағында құбырды ауыстыру кезіндегі мәселер бойынша жүгінген. Жөндеу кезінде төсеніштер алынып тасталды, шұңқырлар пайда болды, дүкеннің ауласына көліктің кіруі шектеулі болды. Департаментпен жергілікті әкімдікке ұсынымдар жолданды. Нәтижесінде мердігер ұйыммен барлық құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аумақты абаттандыру туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.
Басқа кәсіпкерлер де осындай ұқсас мәселеге тап болған. Мысалы, Тобыл қаласындағы кәсіпкер келушілердің еркін қол жетімділігі үшін топырақты толтыру қажеттілігі туралы сұрақпен жүгінді. Тобыл қаласын сумен жабдықтауды қайта құру аясында жосықсыз мердігер жол жабынын одан әрі қалпына келтіру шартысыз аталған кәсіпорынға келетін жолды жауып тастаған. Кәсіпкер жергілікті әкімдікке жүгінді, нәтиже болмаған соң кейін Палатаға және Антикорға жүгінуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, жергілікті билік енгізген ұсынымдар бойынша учаскедегі топырақты толтыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, кәсіпкердің мәселесі толығымен шешілді.
Облыс орталығының кәсіпкерлері де жер учаскелерін бөлу мәселелерімен жиі кездеседі. Мәселен, Қостанай қаласының орталық базарында сауда павильондары жалпы пайдалану учаскелерінде, басқаша айтқанда тротуарда орналасқан. Сонымен қатар, 10 жыл бұрын әкімдік бұл орындарды сауда үшін өзі бөліп, бүгінде босатуды талап етіп отыр. Кәсіпкерлер әкімдіктің дәлелдерімен келіседі, алайда сауда үшін жаңа орындарды іздеу мерзімін ұзартуды сұраған. Палатамен бірлесіп мүдделі тараптармен кездесу өткізілді, қорытындысы бойынша жалдау мерзімі ұзартылды.
Басқа жағдайда, ауылдардан аудан орталығына автобуспен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын кәсіпкер ауылдық медициналық пунктке шағымданды. Мәселен рейс алдындағы және рейстен кейінгі рейстік автобустардың жүргізушілерін медициналық тексеруден өткізуге шарт жасасудан бас тартқан. Палата алаңында кездесу ұйымдастырылып, нәтижесінде тараптар ортақ шешімге келіп, медициналық қызмет көрсету туралы шарт жасасты.
Сондай-ақ, жоба аясында агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялау мәселелері қозғалды. Кәсіпкер 6 ай ішінде сатып алынған техника үшін пайыздық мөлшерлеме бойынша субсидия ала алмаған, негізгі себеп - субсидиялау жүйесіндегі іркіліс. Мәселе жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен Палата алаңында қаралды, құзырлы мемлекеттік органға ұсынымдар әзірленіп, нәтижесінде ауылшаруашылық басқармасымен шаруа қожалығының тиісті субсидиялар төленуде жәрдем берілді.
Бизнестегі проблемалар әрдайым жасанды түрде бола бермейтінін атап өткен жөн. Мысалы, Департамент және Палатамен 2015 жылғы айналым салығы қайта есептелген кәсіпкердің өтінішін қаралды. Мәселені зерделеу барысында негізгі проблема ақпараттық жүйелердегі техникалық қателік пен сәтсіздіктерде екені анықталды, салық органдарына қатені жою бойынша ұсыныстар берілді. Нәтижесінде салықтардың, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомалары қайтарылып, жеке шоттар өзекті күйге келтіріліп, кәсіпкердің мәселесі толығымен шешілді.
Жоғарыда аталған барлық мысалдар бизнес субъектілерінің шешілген мәселелерінің аз ғана бөлігін көрсетеді. Жоба жұмыс істеген кезеңде бизнеспен барлығы 73 кездесу өткізіліп, 527 өкілінен түскен 116 өтініш қаралды, 484 кәсіпкердің проблемалық мәселелері оң шешілді.
Аналитикалық құралдар арқылы бизнестің жүйелік мәселелері де анықталады. Мысалы, ШОБ субъектілерінің проблемаларын қозғайтын жүргізілген сыртқы талдаулар мен мониторингтердің қорытындылары бойынша 44 жекеменшік балабақшаны негізсіз тексеру және қаржыландыруды негізсіз өзгерту фактілері алынып тасталды, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан 79 ШОБ-ты заңсыз тексерулер тоқтатылған, жер салығын төлеу тізімдеріне негізсіз енгізілген 28 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге салық соммалары 6 есеге төмендетілді. Нәтижесінде департаменттің ұсынымдары бойынша 3 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл ретте басты мақсат - алдын алу құралдарын пайдалану болып табылады, сондықтан осы бағыттағы жұмыс тек күшейтілетінін айтып өткен жөн.
ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]