Соңғы 4 жылда ШҚО білім беру саласының 50 қызметкері сотталды

Соңғы 4 жылда ШҚО білім беру саласының 50 қызметкері сотталды

Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов мәлімдеді.

Департамент соңғы 4 жылда сотқа жолдаумен білім беру саласына қатысты 51 қылмыстық істі аяқтады, нәтижесінде бұл саласының 50 қызметкері сотталды, анықталған залал 277 млн.теңгеден асты, бұл ретте 42% - дан астамы өтелді.

Осыған байланысты, ағымдағы жылы Департамент білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Оның барысында көптеген бұзушылықтар мен бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Мысалы, бюджеттік өтінімді жасанды түрде асыра бағалау. Өскемен қаласының коммуналдық мекемелерінің бірінде «Қосымша білім беру педагогы» мамандығы бойынша 7 бос орынға 2023 жылға арналған бюджеттік қаражатқа сұраныста 11 жылдан 29 жылға дейінгі жұмыс өтілі негізсіз көрсетілген, нәтижесінде бюджеттің жалпы сомасын 16,2 миллион теңгеге ұлғайтылған. Осылайша, қажетсіз сұралған қаражатты жымқыру түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындады.

Келесі, бұл бюджетті қалыптастырудағы бақылаудың жоқтығы. Күршім ауданының 7 мектебінде тарифтеу және бюджеттік өтінімдер болмады. Яғни, ақшалай қаражат өткен жылдардағы өтінімдер негізінде бөлінген.

Тағы бір сыбайлас жемқорлық тәуекелі, бюджеттік өтінімдерді қағаз жүзінде рәсімдеу. Өскемен қаласы мектептерінің бірінде математика пәні мұғаліміне белгіленген 35% орнына жалақыдан 3500% қосымша төлем көрсетілген. Нәтижесінде тек бір мұғалім бойынша ғана еңбекақы төлеу қоры 104,7 млн. теңгеге негізсіз көтерілген.

Мектеп қызметкерлерінің банктік карточкалық шоттарын ауыстыру арқылы бюджет қаражатын жымқыру. Риддер қаласындағы орта мектептердің бірінде директордың және бас бухгалтердің жақын туыстарына 9,6 млн. теңге жалақы түрінде негізсіз аударылған.

Бұдан басқа, талдау барысында 620 млн. теңгеден астам сомада ауылдық үстемеақы негізсіз белгіленгендігі анықталды. Яғни, 2019-2023 жылдар аралығында Өскемен қаласының 4 жалпы білім беретін мектебінде ай сайын барлық мектеп қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына 25% мөлшерінде ауылдық үстемеақылар негізсіз есептелген.

Бейінді емес мамандарға қосымша ставкалар үшін жалақы есептеу фактілері, сондай-ақ лауазымдық міндеттердің нақты орындалуына күмән келтіретін еңбек қызметін қашықтықтан жүзеге асыру нысаны анықталды.

Мәселен, Өскемен қаласы мектептерінің бірінің бухгалтеріне 0,5 бухгалтер ставкасынан басқа зертханашы лауазымына қосымша жалақы 0,5 ставка есептелген. Айта кету керек, бухгалтер қашықтан жұмыс істеген және іс жүзінде мектепке келмеген.

Сонымен қатар, аталған бухгалтер ЖШС-де және қаланың 3 мектебінде қатар жұмыс істеген, бұл оның қызметтік міндеттерін тиісінше орындағанына күмән келтіреді.

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша облыстың ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторларын тарта отырып тексерулер жүргізілуде, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Бүгінгі таңда Департамент Денсаулық сақтау саласында талдау жүргізуде.

Осыған байланысты, облыс азаматтарын Денсаулық сақтау саласындағы проблемалар бойынша Департаментке ақпарат, шағымдар мен ұсыныстар жіберуге шақырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.