ҚазҚСҒЗИ мамандары жаңа құрылыс конструкцияларына сынақ жүргізді

ҚазҚСҒЗИ мамандары жаңа құрылыс конструкцияларына сынақ жүргізді

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ сынақ базасының эксперименттік стендінде Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жаңа желдетілетін қасбеттік құрылыс жүйелеріне сынақ жүргізілді.

Жоғары қабатты ғимараттардың сейсмикалық төзімділігі зертханасының меңгерушісі Жасұлан Омаровтың айтуынша, жүргізілген зерттеулердің міндеттеріне сейсмикалық типтегі жүктемелердің әсерінен қасбеттік жүйелер жұмысының ерекшеліктерін зерттеу кірді. Сонымен қатар, мамандар қасбеттік жүйелердің конструкциялары мен ғимараттардың тірек конструкциялары арасындағы қосылыстардың жұмыс қабілеттілігін тексерді, сонымен қатар жер сілкінісіне төзімді құрылыста қасбеттік жүйелерді қолданудың тиісті саласын анықтады.

Сондай-ақ мамандар ғимараттардың қабаттары мен сейсмикалық жүктемелердің әртүрлі деңгейлеріндегі қасбеттік жүйелердің жағдайын зерттеді. Өткізілген сынақтар V негізгі кезеңді қамтыды. Сынақ барысында қасбеттік жүйелерге динамикалық әсер ету деңгейі біртіндеп I кезеңнен V кезеңге дейін өсті.

Өз кезегінде «KAFT» компаниясының басшысы осы конструкциялардың қай жерде қолданылатынын айтып берді.

«Біз «KAFT» компаниясының ішкі жүйесін Клинкер, HPL панелі, талшықты цемент панелі, kalesinterflex жұқа керамикасы, сондай-ақ алюминий композиттік панельдері қаптау материалдарында сынап көрдік. Қорытындыны алғаннан кейін нарыққа сенімді түрде шығатын боламыз. Бұл материалдарды мектеп, тұрғын үйлер, жеке үйлер, яғни салынып жатқан барлық нысандарда пайдалануға болады деп жоспарлануда», - деді Нұрлыбек Қайнарбай.

Қасбеттік жүйелерді эксперименттік зерттеу екі қабатты арнайы стендте жүргізілді. Стендтің тербелісі оның төбесіне орнатылған В-2 типті діріл машинасымен қозғалды.

Мұндай машинаны қолдану сынақ кезінде зерттелетін жүк көтермейтін қабырға құрылымдарын жүктеудің динамикалық сипатын жүзеге асыруға және сейсмикалық типтегі жүктемелер кезінде олардың құрылыс жүйесіндегі қандай да өзгерістердің негізгі ерекшеліктерін модельдеуге мүмкіндік берді. 

Анықтама үшін: Вибродинамикалық сынақтың мақсаты – Қазақстан құрылысында қолданылатын құрылыс материалдары мен конструкцияларының беріктігін эксперименттік тексеру. 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.