Лауазымды адамдардың әкімшілік жауапкершілігі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау шеңберінде 2022 жылы және 2023 жылдың 1 жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша көмірді бөлшек саудада өткізу нарығының бәсекелестігінің жай-күйіне талдау жүргізеді.
Талдау шеңберінде Департамент Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының әкімдіктеріне 2023 жылғы 4 тамыздан кешіктірмей орындау мерзімімен сұраныс жолдады.
Ұсынылған деректерді талдау Шығыс Қазақстан облысы аудандарының барлық әкімдіктерімен, атап айтқанда «ШҚО Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) сұратылған ақпаратқа жауап бермегенін көрсетті. Нәтижесінде, Департамент қайта сұрау салуды жолдады. Алайда, Бөлім құжаттардың растайтын көшірмелерімен жауап бермеді.
2023 жылғы 24 тамызда көрсетілген факті бойынша Департамент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 162-бабы бойынша және Бөлім басшысының кінәсін мойындауын ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, ӘҚБтК 811-бабының 1-бөлігіне сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік жаза қолданылды әкімшілік айыппұл сомасы 172 500 теңге.
Қазіргі уақытта бөлім басшысы әкімшілік айыппұлды толық көлемде төледі.
[xfvalue_img]