Ілияс Оспанов Шымкент қаласындағы Сауда логистикалық орталықтың жұмысымен танысты

Ілияс Оспанов Шымкент қаласындағы Сауда логистикалық орталықтың жұмысымен танысты

Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрінің м.а. Ілияс Оспанов 5 га аумақты алатын көпфункционалды қойма кешені құрылысының барысымен танысты. Жеке инвестор есебінен қаржыландырылған инвестициялық жобаның жалпы құны - 10 239 млн теңгені құрайды. 

Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы еліміздің жаңа экономикалық бағдарының басты басымдықтарының бірі - жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ҚР Үкіметіне индустрия саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырды. 

Аталған тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде ҚР Өнеркәсіп және Құрылыс вице-министрінің м.а. Ілияс Оспанов Шымкент қаласының Сауда-логистикалық орталық жұмысымен танысып, «НМИ ЮГ» ЖШС құрылыс жұмыстарын толық бақылаудан өткізді. Сонымен қатар, жобаға қатысты бірқатар  тапсырмалар беріп, өз ұсыныстарын білдірді. 

Жобаны іске қосу 2024 жылға жоспарланған. Жоба өз жұмысын бастағаннан кейін 107 адам жұмыспен қамтылады деп қарастырылған. Мемлекет тарапынан қолдау мақсатында «БЖК-2020» бағдарламасы аясында жер телімін дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. 

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, аталған жұмыстың 40 пайызы орындалды. 

Ілияс Оспанов сондай-ақ Шымкенттегі бес жылға тоқтап қалып, 2020 жылы мемлекеттің қолдауымен қайта іске қосылған «TPK ALLIANCE» ЖШС (бұрынғы «Ютекс» АҚ) тігін фабрикасының ұжымымен кездесті.

Зауытта 120-ға жуық адам жұмыс істейді. Жобаның құны 1 млрд теңгені құрайды.

Фабрика басшылығының айтуынша, жобаның қуаттылығы жылына 615 мың төсек-орын, 297 мың киім жиынтығы, 1,6 мың тонна түкті бұйымдар, 1,3 мың тонна трикотаж мата. Өнімнің 70 пайызы ел ішінде сатылса, 30 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады. 

Вице-министрдің м.а. «Іскер қала» бағдарламасы аясында бұрынғы қорғасын зауытының аумағында 175 мың ш.м. құрайтын «Standard» шағын өнеркәсіптік аймақта құрылыс жұмыстарымен де танысып қайтты.  

Шағын өнеркәсіптік аймақтың мақсаты шағын кәсіпкерлерге өндірістік аймақтармен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда 60-қа жуық кәсіпкер өнеркәсіптік аймақта өндірістік алаңдарды алуға ниет білдіріп, алдын ала шарттарын бекітуде. 

Сонымен қатар аймақтың қауіпсіздігі мақсатында бейнебақылау камераларымен, арнайы күзетпен және толықтай газ, су, жарықпен қамтамасыз етіліп, теміржол тұйығы жүргізілетін болады. Қазіргі таңда индустриялды аймақтан 30-ға жуық кәсіпкерлер өтінім білдірді. 

ҚР ӨҚМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.