БҚДА ақпаратын ұсынбағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізу шеңберінде акциялардың елу пайыздан астамы (жарғылық капиталына қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі және олармен үлестес тұлғалар Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалалары әкімдері аппараттарының атына ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша растайтын құжаттарды ұсына отырып, ақпарат беру туралы хаттар жіберілді.
Жергілікті жерлердегі шенеуніктерге ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша растайтын құжаттарды ұсыну арқылы ақпарат ресімдеу қажет болды. Алайда, ШҚО Күршім ауданының сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) қажетті құжаттарды жібере алмады. Осыған байланысты Департамент растайтын материалдары бар бұрын сұратылған ақпаратты ұсыну қажеттілігі туралы қайта хат жолдады. Дегенмен, Бөлім құжаттардың растайтын көшірмелері бар ақпаратты ұсынған жоқ.
Осы факті бойынша департамент ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 162 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Бөлім басшысының кінәсін мойындауын ескере отырып, ӘҚБтК-нің 811-бабының 1-бөлігіне сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 172 500 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Қазіргі уақытта басшысы әкімшілік айыппұлды толық көлемде төледі.
[xfvalue_img]