Маңғыстауда жергілікті атқарушы органдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын сапасыз өткізген
Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және табиғатты пайдалану салаларындағы ішкі талдау барысында бірде-бір сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған жоқ. Бұл туралы облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысында айтылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін зерделеп, талдаудың талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады.
Жергілікті атқарушы органдар ішкі талдауды №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру аясында сапалы жүргізуі тиіс.
Бұдан бөлек, комиссия отырысында әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды. Сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы бағытындағы қала және аудан әкімдіктерінің жұмыстарына қатысты ұсыныстар айтылды.
Комиссия отырысының қорытындысымен Департамент көтерген мәселелер бойынша ұсынымдар қолдау тауып, қала мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, жол берілген бұзушылықтарды жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
-
[xfvalue_img]
34 пікір