ШҚО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар-тренинг өткізілді

ШҚО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар-тренинг өткізілді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады. Оны қалай өткізу керектігі туралы ШҚО-ның Antikor орталығында айтылды.

Ағымдағы жылғы 20 сәуірде алдын алу шараларын іске асыру шеңберінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің, облыстық басқармалар мен квазимемлекеттік секторлардың қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша семинар-тренинг өткізді.

Кездесуге қатысушылар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларының бірі ретінде ішкі талдау жүргізудің өзектілігі нақтыланды, оны жүргізудің теориялық негізі айтылды.

Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға барлық мемлекеттік органдар қызметінің жобалық басқаруға көшуіне, олардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізуіне байланысты №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» типтік базалық бағытын іске асыру бойынша міндеттердің бірі болып белгіленгені жеткізілді.

Тренингті өткізу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша практикалық ұсынымдар берілді, талдау бағыттары, талдау анықтамасының құрылымы және барлық қызмет салаларына тән сыбайлас жемқорлық тәуекелдері түсіндірілді. Жүргізілген талдау мысалдарында қатысушыларға талдау анықтамасын жасау кезінде жіберілетін, барлығына тән қателіктер таныстырылды, болашақта оларды болдырмау үшін нақты ұсыныстарға баса назар аударылды.

Ішкі талдаулар жүргізу сапасын арттыру, жұртшылықты тарту, формальды ұсынымдар енгізуді болдырмау, сондай-ақ ең бастысы, олардың өз уақытында орындалуы қажеттігі баса айтылды.

Тренингке қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты.

«2020 жылы және ағымдағы жылдың I тоқсанында жүргізілген талдау мониторингі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың осы шарасына мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көбірек көңіл бөлу, жауапкершілікпен қарау және өз қатарында сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу перспективалары туралы ойлау талап етілетінін нақтылады. Егер бүгін сапалы және ашық талдау жүргізсеңіз, онда ертеңгі күні ауыр қылмысқа жол бермейсіздер», - деп қорытындылады семинар спикері.

Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылға бекітілген кестеге сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін болады.

ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірдің қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен осындай семинар-кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.