Жамбыл облысында 80 миллион теңгелік аммофос ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ құрықталды
Ағымдағы жылдың наурыз-шілде айлары аралығында белгісіз адамдар «Шайқорық» теміржол станциясындағы жылжымалы вагондардан алыс, жақын шетелдерге және Қазақстанның басқа өңірлеріне экспортталатын "Қазфосфат" ЖШС өндірген аммофос тыңайтқышын бірнеше рет ұрлаған. Қылмыскерлердің іс-әрекеттерінен кәсіпорынға келтірілген залал сомасы 80 миллион теңгеден асады.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ірі көлемдегі және адамдар тобымен бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Іс-шаралар кешенін өткізу барысында Тараз станциясындағы ЖПБ қызметкерлері "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 22-нен 23 шілдесіне қараған түні "Шайқорық" станциясында "Газель" маркалы екі автокөлікпен вагондардан ұрлық жасау барысында облыстың 8 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ ұсталды.
Олардан 5 тонна 700 келі аммофос, 2 көлік құралы және шаруашылық заттары тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін мойындады.
Сондай-ақ, тергеу барысында олар "Шайқорық" станциясында ұзақ уақыттан бері ұрлық жасағаны анықталды. Қылмыстық топ жалпы сомасы 80 миллион теңгеден асатын тағы осыған ұқсас 8 дерек бойынша айыпталуда. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде.
[xfvalue_img]
30 пікір